Жас отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге 28,25 млн АҚШ долларын пайдаланды

Жас отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге 28,25 млн АҚШ долларын пайдаланды

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша уәкілетті оператор жалпы сомасы 28,25 млн АҚШ долларына 188 242 өтініш орындады. Қаражат уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін аударылды. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 17,60 млн АҚШ долларына 116 579 өтініш, білім алу ақысын төлеуге шамамен 10,65 млн АҚШ долларына 71 663 өтініш орындалды.

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға 17,23 млн АҚШ долларына 113 944 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге 126,70 мың АҚШ долларына 899 өтініш және азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) 86,29 мың АҚШ долларына 643 өтініш орындалды. 

Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (9,81 млн АҚШ долларына 64 877 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (580,04 мың АҚШ долларына 4 776 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (214,72 мың АҚШ долларына 1 633 өтініш орындалды).

          Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағындағы қаражат 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.

 Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.

2025 есепті жылдағы нысаналы талаптар, сондай-ақ инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей есептелетін болады.

2008 жылы туылған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтары да олардың нысаналы жинақтау шоттарына 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей есептелетін болады.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша есептер enpf.kz сайтына тұрақты түрде жарияланып отырады.

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.