Аягөз ауданының әкімдігі хабарлайды

Аягөз ауданының әкімдігі хабарлайды

Аягөз ауданының әкімдігі қазіргі уақытта төмендегі көрсетілген анықтамаларды eGov электрондық үкімет порталында үшінші тұлғалар туралы мәліметтерді алу сервисі жұмыс істейтінін, ол пайдаланушыларға халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке бармай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға мүмкіндік беретінін хабарлайды.

  1. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  2. Наркологиялық динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
  3. Мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру;
  4. Психикалық денсаулық орталығынан (психиатрия) мәліметтер беру;
  5. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталынан анықтамалар;
  6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (тіркелген ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  7. Жеке тұлғаның атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама беру;
  8. Фтизиопульмонология орталығынан (фтизиатрия) мәліметтер беру;
  9. Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан 6 ай мерзімге өз еркімен бас тарту;
  10. Несиелік тарихты алу (Бірінші кредиттік бюро);
  11. Емханаға тіркелу;
  12. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жөніндегі есептер туралы мәліметтер;
  13. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшы қаражаттарының келіп түсуі және қозғалысы туралы мәліметтер беру;
  14. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат беру;

Тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет беру.