Аягөз ауданы Аягөз қаласында Аягөз ауданы әкімдігінің кіші залында «Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау және Қазақстан Республикасы депутаттарын сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында № 244 Қосағаш сайлау участогінің мүшелерімен семинар өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинар барысында 2025 жылдың 19 қазанында тағайындалған ауылдық округтің дайындығы, Сайлау уақыты кезінде Қазақстан Республикасының сайлау Заңдылығын сақтау, сайлаудың әділ ,ашық өтуін басты назарда ұстауын,заңның бұзылу фактілеріне жол бермеу керектігі және қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз етуін атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдреев.
Сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары А.Атабекова ҚР сайлау туралы Заңына тоқталып ,заңда көрсетілген барлық нұсқаулар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуін және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалуына баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті.
Сайлау комиссиясының төрағасы Е.Оразбек Семинарды қорытындылап, сайлау участоктеріне сайлау барысында аса мұқият болып,Заң аясында өткізуді тапсырды
Семинар соңында сайлау участогінің мүшелері өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі кездесетін сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.