Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Абай облысының қалалары мен аудандарының аумақтық сайлау комиссияларына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 9 қыркүйек 2025 жылы Аягөз қаласындағы №200 сайлау участогінде «Өзін-өзі басқару» жобасын іске асыру шеңберінде №6 мектеп-интернатында оқушылар арасынан сайланбалы лауазымдарға кандидаттарды ұсыну болды. Кандидаттар ашық түрде ұсынылып, өздерінің бағдарламаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Дауыс беру рәсімі әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделе отырып өткізілді. Бұл үдеріс оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.