«Залиний» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

«Залиний» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

«Залиний» ықшам ауданында аудан әкімі мен қала әкімінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты — аудан тұрғындарының пікірін тыңдап, өзекті мәселелерге нақты жауап беру және алдағы жоспарлармен бөлісу болды.

Кездесу барысында аудан әкімі аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалармен таныстырды. Сонымен қатар, қала әкімінің де есептік ақпараты тыңдалып, қала көлеміндегі жұмыстардың барысы туралы мәлімет берілді.

💬 Тұрғындар инфрақұрылым, абаттандыру, көше жарығы, ойын алаңдарының жетіспеушілігі және тұрмыстық мәселелерге қатысты өз сауалдарын қойып, жеке өтініштерін білдірді.

✅ Барлық ұсыныстар назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Қойылған сұрақтар мен өтініштердің шешілу жолдары жүйелі түрде қарастырылып, орындалу барысы бақылауға алынатын болады.

Бұл кездесу билік пен халық арасындағы ашық диалогтың маңызды көрінісі болды.