Халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, өзекті мәселелерді бірлесе шешу мақсатында аудан басшысы есептік кездесулер өтті

Халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, өзекті мәселелерді бірлесе шешу мақсатында аудан басшысы есептік кездесулер өтті

Осындай кездесулердің бірі “Алтыбақан” немесе “7-квартал” деп аталатын ықшам ауданда өтті. Жиын барысында аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, қала әкімінің де атқарған жұмыстары мен алдағы мақсаттары туралы есеп ұсынылды.

 

🗣 «Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір сұрақ – біз үшін маңызды. Инфрақұрылым, әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы мәселелер нақты жауапсыз қалмайды. Барлық ұсыныстар мұқият сараланып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді», – деді аудан әкімі.

 

✅ Аудан басшысының айтуынша, халықпен осындай ашық форматтағы кездесулер тұрақты түрде жалғасын табады. «Басты мақсат – тұрғындардың сеніміне ие болып, нақты нәтижелер арқылы олардың өмір сапасын жақсарту», – деп атап өтті әкім