Аягөз ауданы Аягөз қаласында Аудан әкімдігінің кіші залында «Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау және сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында № 216 Копа сайлау участогінің мүшелерімен семинар өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинарда 2025 жылдың 31 тамызда тағайындалған ауылдық округтің дайындығы, Сайлау барысында Қазақстан Республикасының сайлау Заңдылығын сақтау, сайлаудың әділ, ашық өтуін басты назарда ұстауын,заңның бұзылу фактілеріне жол бермеу керектігін атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдреев.
Сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары А.Атабекова ҚР сайлау туралы Заңына тоқталып, заңда көрсетілген барлық нұсқаулар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуін және және қауіпсіздік шараларын сақтауды, сайлау учаскелері сайлаушыларды шақыру парақтарымен 100 пайыз қамтамасыз етуін, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалуына баса назар аудару керектігін атап көрсетті.
Сайлау комиссиясының төрағасы Е.Оразбек Семинарды қорытындылап, сайлау участоктеріне сайлау барысында аса мұқият болып,Заң аясында өткізуді тапсырды.
Семинар соңында сайлау участогінің мүшелері өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі кездесетін сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.