Табиғатта демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

Табиғатта демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

Жаздың басталуымен, жаздың ыстық күндерінде адамдар өзендерге , туристік жорықтар мен табиғаттағы пикниктерге асығады. Салқын суда жүзу, ыстық құмда жату, су жағасында серуендеу немесе отбасымен және достармен табиғатта демалу үлкен рахат. Мұндай демалыс кезінде су тек дос қана емес, сонымен бірге оның үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Бірақ табиғатта демалу кезінде қауіптің басқа көзі бар - от сияқты. От-үнсіз жау деп бекер айтылмаған. Сондықтан отпен өте мұқият болу керек. Демалыс кезінде қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Аягөз ауданының ТЖБ  қызметкерлері азаматтар мен тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

 

2025 жылы өрт қауіпті кезеңі мен шомылу маусымы басталғанынан бері профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында 1900-дан астам демалушыны қамти отырып, өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымы кезеңіндегі судағы қауіпсіздік бойынша 2000-нан астам дана жадынамалар мен брошюралар таратыла отырып, нұсқаулықтар мен әңгімелер жүргізілді.

 

Профилактикалық іс-шараларды ЖАО қызметкерлерін, Аягөз АПБ қызметкерлерін, еріктілерді және орман шаруашылығы қызметкерлерін тарта отырып, азаматтар көп жиналатын демалыс орындарында халықтың хабардар болу деңгейін арттыру есебінен жазатайым оқиғалардың алдын алу және азайту мақсатында ТЖБ қызметкерлері тұрақты негізде жүргізіледі.

 

Аягөз ауданының ТЖБ  табиғатта демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау Сізге және Сіздің жақындарыңызға қауіпсіз және жағымды демалысты қамтамасыз ететінін еске салады.