Аягөз ауданы Сарыарқа ауылында «Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау және Қазақстан Республикасы депутаттарын сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 229 Сарыарқа сайлау участогінің мүшелерімен семинар өткізілді

Аягөз ауданы Сарыарқа ауылында «Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау  және Қазақстан Республикасы депутаттарын  сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 229 Сарыарқа сайлау участогінің мүшелерімен семинар өткізілді

Аягөз ауданы Сарыарқа ауылында «Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау  және Қазақстан Республикасы депутаттарын  сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 229 Сарыарқа сайлау участогінің мүшелерімен   семинар өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

          Семинар барысында 2025 жылдың 22 маусымында  тағайындалған ауылдық округтің дайындығы,Қазақстан Республикасының сайлау Заңдылығын сақтау, сайлаудың әділ,ашық өтуін  басты назарда ұстауын,заңның бұзылу фактілеріне жол бермеу керектігі және қауіпсіздік шараларын сақтауды, сайлау учаскелері сайлаушыларды шақыру парақтарымен 100 пайыз қамтамасыз етуін атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы  Қ.Абдреев.

         Сайлау комиссиясының  төрағасының орынбасары А.Атабекова семинарды қорытындылап,сайлау участоктеріне сайлау барысында аса мұқият болып,Заң аясында өткізуді   және    ҚР сайлау туралы Заңына тоқталып ,заңда көрсетілген барлық нұсқаулар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуін және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалуына  баса назар аудару керектігін атап көрсетті.

    Семинар  соңында сайлау участогінің мүшелері сайлау барысындағы туындайтын өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі кездесетін сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.