«Өрттің себебі – темекі тұқылы» !!!

«Өрттің себебі – темекі тұқылы» !!!

Отты абайсыз пайдалану себебінен орын алатын өрттер әрқашан адамдардың үстірт қарауы мен немқұрайлылығына байланысты туындайды. Әлбетте, мұндай оқиғаларды мүлде болдырмау мүмкін емес. Алайда тұрмыста өрттің туындау мүмкіндігін төмендетуге әбден болады. Бұл үшін бұл мәселеде саналылық қажет екенін, яғни көп нәрсе әрбір адамға тікелей байланысты екенін түсінуіміз қажет.
         Кейбір адамдардың темекі шегіп, сіріңкелер мен темекі тұқылдарын қалай болса солай тастайтынын, тыйым салынған жерлерде темекі шегіп, отпен жанасу кезінде тұтануға қабілетті материалдардың жанында орналасқан ағаш ыдыстарға тұқылдарын салатынын жиі көруге болады. Темекі тұқылының өзі біраз уақыттан кейін сөніп қалғанмен, жанатын материалдың бықсуын туғызады. Бықсып бастаған ошақ қолайлы жағдайларда өртке айналуы мүмкін. Жылудың шоғырлануы қамтамасыз етілген жағдайларда (іс жүзінде бұл жасырын ағаш конструкциялары, жиналған қалдықтар) жанғыш материалдардың бықсыған темекімен жанасқан жері көмірге айналып, нәтижесінде қызып, содан кейін тұтанады. Бұл ретте жанғыш материалдың көлеміне және жылу бергіштік қасиетіне байланысты бықсу уақыты бір сағаттан төрт сағатқа дейін ауытқиды. Бұдан шығатын қорытынды - сөндірілмей тасталған темекі тұқылы көп өрттердің себебі. Балкондардан немесе терезелерден тасталған темекі тұқылдары да төменгі қабаттардың ескі заттарды, жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтары бар ыдыстарды жиі сақтайтын балкондарына немесе лоджиясына түсіп, өрт тудыруы мүмкін. Темекі ашық терезе арқылы пәтерге түскен кезде, онда жанудың тез өршуіне қолайлы мүмкіндік тууы ықтимал.

         Сондықтан да, кейбір азаматтардың жауапсыз қарым-қатынасына байланысты өрттен зардап шекпеу үшін, үйден немесе кез келген бөлмеден шыққанда терезелерді міндетті түрде жабу керек. Адамдар сөндірілмеген темекі тұқылын, әсіресе жоғары орналасқан қабаттардағы балкондардан тастай отырып оның арты қандай трагедияға әкелуі мүмкін екендігін ойламайды. Мұндай өрттерде жалын көп жағдайда пәтерлерге таралады.

         Есте сақтаңыз, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, өрттің туындауының алдын алуға болады.

 

Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі