2025 жылдың 04 мамыр күні Абай ауданы, Көкбай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылдың 05 мамырындағы шешімімен Қаскенов Құрмет Қайратұлы Абай ауданы, Көкбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бүгін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы және Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Думан Маратұлымен арнайы Көкбай ауылдық округіне барып, жаңадан сайланған әкімді ұжыммен таныстырып, қызмет орнына отырғызды.
Көкбай ауылдық округінің жаңа әкіміне қолдау білдіріп, ауыл ақсақалдары,зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары өздерінің ақ тілектерін білдіріп, еңбекке сәттілік тіледі!
Құрмет Қайратұлына жаңа қызметіне табыс тілейміз! Халықтың сенімін ақтап, Көкбай ауылдық округінің дамуы мен өркендеуі жолында абыройлы еңбек атқарады деген сенімдеміз!