Ардагер ұстаз «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

Ардагер ұстаз «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

Ардагер ұстаз «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

Отан қорғаушы күніне орай Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін кәсіби шеберлігі мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін марапаттады.

Салтанатты жиында Абай облысы, Абай ауданы Қарауыл гимназиясының ардагер ұстазы Неспбаев Абзалхан Елемесұлы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Абзалхан Елемесұлы – алғашқы әскери дайындық пәнінен 37 жыл сабақ берген, 41 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты педагог, запастағы аға лейтенант. Көптеген әскери-патриоттық сайыстарда шәкірттерін жеңіске жеткізген тәжірибелі ұстаз. Ардагер ұстаз – аудан, облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейінде де танылған педагог.

Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Абзалхан Елемесұлын Отан қорғаушы күніне орай алған «Еңбек ардагері» медалімен шын жүректен құттықтаймыз! Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ұлағатты ұстаздық жолда сіңірген еңбегіңіз — ел болашағына қосылған баға жетпес үлес. Көп жылғы қажырлы қызметіңіз, шәкірттеріңізге берілген біліміңіз бен тәлім-тәрбиеңіз үшін алғыс білдіреміз.