«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және екі айлық тазалық айлығы аясында Қарауыл ауылында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Ауыл шетіндегі аумақтар мен саябақтарды тазалауға мекеме қызметкерлері белсене қатысып, қоқыс, пластик, салафан қалдықтарын жинап, қоршаған ортаны көркейтуге атсалысты.
Аудан тұрғындарына өз ауласы мен үй маңын таза ұстауға, жиналған қоқысты арнайы орындарға апарып тастауға шақырамыз. Таза ауыл – әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз!
Игі іске біркісідей жұмылып, тазалыққа үлес қосқан барлық мекеме ұжымдарына алғыс білдіреміз!