Аудан әкімі Қарауыл ауылында жүріп жатқан бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Аудан әкімі Қарауыл ауылында жүріп жатқан бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы Қарауыл ауылында жүріп жатқан бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Нысандарды аралау барысында жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.

“Үш ақын” саябағында стеллаға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қарап, бұл нысанның тарихи және мәдени маңызын ескере отырып, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі ұқыпты орындау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, аудан басшысы Шәкәрім көшесінің 1,1 шақырымдық жолын орташа жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары барысын бақылап, жауапты басшыларға құрылыс сапасына айрықша назар аударуды тапсырды.

Бұдан бөлек, Абай аудандық әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылады. Бұл нысан бойынша да мердігер ұйымға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың уақтылы аяқталуы қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, кейбір жеке тұрғын үйлердің маңайындағы жиналған қоқыстар мен сынық қоршаулар ауыл келбетіне кері әсер етіп тұрғанын айтып, бұл мәселені жедел шешуді тиісті басшыларға тапсырды.