Халықтар бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара!

Халықтар бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара!

М.Әуезов атындағы Орталық кітапханада «1 мамыр – Ұлттар достығы – еліміздің кемел болашағы» атты мерекелік кеш өтті.

Шара аясында ұлттық бірлікті ұлықтаған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жасалды.
Жастар ән шырқап, би билеп, кешке ерекше көңіл-күй сыйлады.

✨ Іс-шараны ұйымдастырған – кітапханашы Рахымжанова Шынар.

☀️ Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халқымыздың ынтымағы артып,
Республикамыздағы ұлтаралық татулық пен достық мәңгі жасай берсін!