Абай ауданы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған облыстық байқау жеңімпазы

Абай ауданы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған облыстық байқау жеңімпазы

Аягөз қаласында 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған облыстық байқау өз мәресіне жетті.

Абай облысында дәстүрге айналған, махаббат пен ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне арналған облыстық байқау биыл да жоғары деңгейде өтті. Тартысқа толы сайыс 5 кезеңге бөлініп, 2 күнге созылды.

Байқауға ауданымыздың намысын қорғап қатысқан Құрманов Алмас пен Тынысбекова Аружан озық өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаз жұп 300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды.

Өнерлі жастарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Аталмыш байқау Абай облысы құрылған уақыттан бері дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Шара жастардың ұлттық болмыс пен сүйіспеншілікке деген көзқарасын тереңдетіп, дәстүрлі құндылықтарды жаңаша қырынан танытуға мүмкіндік берді.