Облыс басшысы Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов басқарма басшыларымен бірге Қарауыл ауылына арнайы іссапармен келді. Сапар мақсаты — ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында атқарылатын іс-шараларға дайындық барысымен танысу.
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы мерейтой аясында жоспарланған мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін негізгі нысандарды таныстырып, олардың инфрақұрылымдық жағдайы мен дайындық деңгейін баяндады. Сонымен қатар, аудан басшысы мерейтойды жоғары деңгейде өткізу мақсатында облыс тарапынан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді.
Іссапар аясында жауапты басқарма өкілдері көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.