
Бүгін аудан орталығында дәстүрлі кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке тұрақты түрде өткізілуде.
Бүгінгі жәрмеңкеде сәбіз, қырыққабат 1 кг 115 теңгеден саудаланды, бұл нарықтық бағадан 2-3 есе арзан.
Сонымен қатар, сиыр етін -2400 тг, жұмыртқа өнімін -50 тг, жем (кебек) 20 кг -1300 теңгеден алуға мүмкіндік болды. Бородулиханың балы, әртүрлі балық түрлері, сүт өнімдері, тауық еті саудаланды.
🔹Аудан халқының әлеуетін көтеру мақсатындағы шараға қолдау білдірген ауылдық округ әкімдеріне және өз өнімдерін арзан бағада ұсынған кәсіпкерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Атап айтқанда, осы уақытқа дейін кебек жемді төмендетілген бағамен сатуға ат салысқан «Ай-Ар» ЖШС директоры Ербол Қабдрахмановқа, тауық жұмыртқасын ұсынған «Ardaqer» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Акимжанов Александр Касаиновичке, әр түрлі балық өнімдерін саудалаған Айдын Молдашовқа, Маржангүл Дүйсенбаеваға, Несіпгүл Балдыбаеваға және Бородулиха балын ұсынған жеке кәсіпкер «Вышковская» жетекшісі Александр Михайловичке, әр түрлі шұжық, ірімшіктерді арнайы Өскемен қаласы, Глубокий ауданынан келген жеке кәсіпкер Полтавец Ирина Николаевна алғыс айтамыз.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал ететін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ай сайын ұйымдастырылады.