
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға жалпы 7 азамат қатысып, өз мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.
Аудан басшысы әр тұрғынның сұрағын мұқият тыңдап, заң аясында жауап берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.