Бүгін аудан әкімі жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға жиыны 5 тұрғын қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелері бойынша сауалдарын жеткізді.
Аудан басшысы әр мәселе бойынша заң аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшыларына шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.