
Наурыз мейрамына орай ауданымызға Түркістан, Шардара, Қарағанды, Балқаш, Ақтоғай, Қызылқұм, Алматы және Астана қалаларынан арнайы аталас туыстарымыз келді. Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы бастаған ел үлкендері қонақтарды құрметпен қарсы алды.
Қонақтар ауданымыздың тарихи-киелі орындарын аралап, бабалар рухына тағзым етті. Сонымен қатар, Абай саябағына 60 шетен және жөке ағаштарын отырғызды.
Аудандық мәдениет үйінде өткен дөңгелек үстелге қатысып, кеш соңында “Қаламқас” халық ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасын тамашалады.