25 қыркүйек 2024 жылы ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “AMANAT” партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Нұртай Салихұлы Сабильянов іс сапармен келді.
🔹Іс сапар барысында Құндызды, Көкбай, Кеңгірбай би ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
🔹Мәжілісмен қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстары жайлы кең көлемді мәліметтер берді.
🔹Жиын барысында инфрақұрылым, республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды.
🔹Жергілікті азаматтардың көтерген сұрақтарына сәйкес тиісті іс-шараларды іске асыру бақылауында болатындығын жеткізді.
🔹Жұмыс сапары барысында құрылыс жұмысы жүріп жатқан бірнеше нысандарды аралады.