БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!
⚜️Құрметті жерлестер!
💐Бүгін орталық алаңда 1 маусым Халықаралық балалар күніне орай аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық білім бөлімінің ,Ж.Кәрменов саз мектебінің, аудандық жастар ресурстық орталығы, балалар көркем сурет мектебінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен “Біз бақытты баламыз” атты мерекелік шара өтті.
🔹Шараға аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы қатысып, бүлдіршіндерді бүгінгі мерекемен құттықтады.
🔹Орталық алаңға жиналған ата-аналарға Абай ауданының ТЖБ-і және №17 ӨСБ-нің қызметкерлері түсінік жұмыстарын жүргізіп, арнайы қағаздар таратылды. Балалардың жазғы демалыс уақытында қараусыз қалмай, суға шомылу маусымы кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.
🔹Бүлдіршіндер дайындаған мерекелік концерт жерге және тақтаға сурет салуымен, арқан тартыс, асық ату, көңілді старт сайыстарымен жалғасты.
🔹Сайысқа қатысушы балалар мадақтама және арнайы сыйлықтармен марапатталды.