Құрметті жерлестер!
Аудандық жастар ресурстық орталығының 10 жылдығына орай жастар үйінде отандық «SENBE» фильмі көрсетілді.
Көрсетілім соңында кеш қонақтары, фильмнің актерлары @baha_puper және @almasagindik аудан жастарымен сұхбастасып, қызықты сұрақтар қойған көрермендерге естелікке сыйлықтар таратты.
Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрсұлтан Советұлы арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер» жинақ кітабын табыстады.
Сонымен қатар, аудан жастары да ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсті.