«Шәкәрім атындағы қуғын-сүргін құрбандары алаңында» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шара өтті.

«Шәкәрім атындағы қуғын-сүргін құрбандары алаңында» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шара өтті.

Құрметті жерлестер!

1 маусым күні Қарауыл ауылындағы «Шәкәрім атындағы қуғын-сүргін құрбандары алаңында» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шара өтті.

Аталған шара Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Жиналған қауым саяси қуғынға ұшырап, жазықсыз жапа шеккен және ашаршылық құрбаны болған бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кейінгі ұрпаққа бақытты өмір сыйлау жолында өздері қуғын-сүргіннің құрбандары болған зиялылардың есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады.