Дәулет Болатұлының демеушілігімен Абай еліне қайырымдылық көмек керуені жеткізілді.

Дәулет Болатұлының демеушілігімен Абай еліне қайырымдылық көмек керуені жеткізілді.

«Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» деп хакім Абай айтқандай, жаһанды жайлаған індеттің белең алған уақытында «елім» деп елжіреген елжанды азаматтар өз бастамасымен ауылдағы ақжүрек ағайынға қолдау білдіріп, көмек қолын созуда.
Солардың бірі және бірегейі ретінде КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықтың жанашыры, тектінің тұяғы, атымтай жомарт азамат – Дәулет Болатұлы Тұрлыхановты ауыз толтырып атауымызға болады.
#Bizbirgemiz акциясы аясында Дәулет Болатұлының демеушілігімен жасалған азық-түлік, қайырымдылық көмек керуені Абай еліне де жеткізілді.
Жиыны 2 тонна ұн, 1 тонна күріш, 2,5 тонна қант, 1 тонна макарон өнімдері, 1500 л өсімдік майы, 600 дана кір сабын ауданымыздың аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, жалғыз басты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жиыны 150 отбасына таратылды.
«Адал ұл ер боп туса, ел тірегі». Осындай төтенше жағдай кезінде халықпен бірге болып, елді береке-бірлікке шақырып, жанды қолдау білдіріп жатқан атымтай жомарт азаматтың бұл игілікті ісі көптеген отбасылардың дастарханына ырыс болғаны рас.