24 наурыз күні Кәмен Оразалин музей-үйінің ұйымдастыруымен ұлы Абайдың немересі Жағыпар Мағауияұлының 125 жылдығына орай "Абай ұрпақтары және Жағыпар Мағауияұлы" тақырыбында "Дөңгелек үстел" өткізілді

24 наурыз күні Кәмен Оразалин музей-үйінің ұйымдастыруымен ұлы Абайдың немересі Жағыпар Мағауияұлының 125 жылдығына орай "Абай ұрпақтары және Жағыпар Мағауияұлы" тақырыбында "Дөңгелек үстел" өткізілді

24 наурыз күні Кәмен Оразалин музей-үйінің ұйымдастыруымен
ұлы Абайдың немересі Жағыпар Мағауияұлының 125 жылдығына орай "Абай ұрпақтары және Жағыпар Мағауияұлы" тақырыбында "Дөңгелек үстел" өткізілді. Аталған шараға аудан орталығы - Қарауыл ауылындағы
ұлы Абайдың туыстары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Абай ауданының Құрметті азаматы" Б.Шағатаева, кезінде Қарауыл ауылының әкімі болған, бүгінде еңбек ардагері Қ.Берлешов, ұлағатты ұстаз К.Әрхамова, Ж.Кәрменов атындағы аудандық саз мектебінің директоры З.Әзімбаевалар арнайы шақырылды. Сондай-ақ, рухани-танымдық шарада аудандық электр жүйесі мекемесінің Құрметті ардагері Ғ.Амантаев және ҚР "Мәдениет саласының үздігі", "Абай ауданының Құрметті азаматы" С.Нұпейісовтар кеш қонағы болды.
"Дөңгелек үстел" отырысы барысында Жағыпар Мағауияұлының өмірі туралы, жастайынан оқуға деген зеректігі, Семейде мұғалімдер даярлайтын курста оқып, сауатсыздықты жою мақсатында мектеп-интернатын ашып, қазақ балаларын оқытудағы еңбегі және ұрпақтар жайында салиқалы әңгіме - естеліктер айтылды. Наурыз мерекесі аясында өткізілген "Дөңгелек үстелге" шақырылған қонақтар ұлттық киіммен келіп, рухани-танымдық шараның ажарын аша түсті. Дәстүрлі әнші Қ.Байдашевтің орындауындағы Абай әндері тақырыптың мазмұнына әр беріп отырды.
Рухани-танымдық шара аясында шақырылған қонақтар К.Оразлин музей-үйімен танысты.
Ұлы Абайдың немересі Жағыпар Мағауияұлының 125 жылдығына арналған "Дөңгелек үстелге" қатысқандарға К.Оразалин музей-үйінің меңгерушісі Е.Оразалы алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.