АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

🎉20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтті.

Абай облысының жалауын көтеріп барған Білім Басқармасы тіккен шаңырақ 170 киіз үйдің ішінен үздік атанып, бас жүлдені қанжығаларына байлады!

🔸Мәдениет және спорт министрі мен Шымкент қаласының әкімі "Үздік киіз үй" Гран-при марапатын табыстады.

🔸Айтулы іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен басқа, Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзербайжан елінің өкілдері қатысты.
Айта кету керек, ұлттық өнер көрсетуде Ұлы Абайдың рөлін Абай ауданының әртісі Космонавт Төлеухан сомдап, Шымкент қаласының тұрғындарының ризашылығына бөленді.
Облысымызды асқақтатып келген ұйымдастырушыларды жаңа жеңіспен құттықтаймыз!
Абай облысының жеңісі құтты болсын!

🔸Big Qazaq Games – көшпенділердің ұлттық кодымен Олимпиада ойындарының аналогы.

Мега жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау,
бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының
өнерін, қабілетін бағалау, қолдау, құрметтеу, оңтүстік өңірдің сән-салтанатын арттыру, өңірлердің
өзара достығын, қарым-қатынасын нығайту болып табылады.