
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою
📑Бүгінде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшін оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдің болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердің ресми мекемелерінде жарамдылығын растайды.
📌Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильді ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады. 💻Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметті алу үшін egov.kz порталын қолдана алады:
✅ Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз ✅ Электронды өтінішті толтырыңыз ✅ Әр апостильденетін құжатқа 0,5 АЕК көлемінде баж төлеңіз ✅ Апостильденуі қажет құжаттың скан-көшірмесін жүктеңіз ✅ ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін жауап бір күн ішінде келеді ✅ Жеке кабинетіңізге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильді бірден қойғызуға жүгіне аласыз.