
21 ақпан күні М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханада Ұлы ғұлама, данышпан Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл толуына орай «Ұлы баба ұлағаты» атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Кешке ардагерлер алқасының төрағасы С.Мұқажанов, аудандық мәдениет бөлімінің жетекші маманы А.Қайроллаев, М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің директоры Д.Қамал, кітапхана ұжымы, оқушылар, ұстаз М.Құсманова, Абай елінің тілшісі Т.Советова қатысты. Балалар бөлімінің кітапханашысы А.Көкебаева Әл-Фараби ілімін болашақ ұрпақтың санасына сіңіру, трактаттарын оқуға шақыру мақсатында түсінік берді. «Фараби-ұлы мұхит» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, слайд тамашаланды. Кеш өз мәнінде жоғарғы деңгейде өтті.