Мемлекеттік қызметшілер арасында тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған кездесу өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған кездесу өткізілді

Мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдыларын жетілдіру және мемлекеттік тілді күнделікті қызмет барысында тиімді қолдану мәдениетін қалыптастыру мақсатында еркін форматтағы сөйлесу кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша еркін пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорды байыту және мемлекеттік тілді кәсіби қызметте қолдану дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыруға, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал етеді.