Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды

Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды

Мемлекеттік қызметшілер арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғудың кез келген түріне жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда өзара сыйластыққа негізделген жұмыс ортасын қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы саясатты іске асыру шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, темекі өнімдерін тұтынудың зияны және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.