
"Жасыл ел" еңбек жасақтарына кімдер қатыса алады?
"Жастар еңбек жасақтарына қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 1) нысан бойынша өтініш; 2) сауалнама; 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) кәмелетке толмаған азаматтар үшін ата-анасының не заңды өкілдерінің бірінің жазбаша келісімі; 5) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама; 6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама; 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама. Жастар еңбек жасақтары өз қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады: 1) көшелерді, скверлер мен саябақтарды абаттандыру; 2) аумақтарды көгалдандыру; 3) бос уақытты ұйымдастыру бойынша жұмыс, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу және оған қатысу;" Жастар ресурстық орталықтары ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және түскен кезде 10 (он) және одан да көп өтініштер жастардың еңбек жасақтарына енгізу үшін тізімдер қалыптастырады.
Жастар еңбек жасақтары кәмелетке толмағандар мен ересектерді бөле отырып, бір жас қағидаты бойынша құрылады.
Жастар ресурстық орталықтары тізімдерді жастар еңбек жасақтарына енгізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар тізімдер негізінде жастардың еңбек жасақтарына қосу үшін жастардың еңбек жасақтарын дербес қалыптастырады.
Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау тәртібі қалай?
Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алынып тасталуы мүмкін.
Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.
Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.
Бұл ретте, Ұлттық комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі комиссияның, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды оны қолданған уәкілетті адам тиісінше Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясының келісімімен жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қалай шағымдануға болады?
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Бұдан басқа, көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы. Уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымданудың тағы бір тәсілі заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну болып табылады.