“Ашық есік күні”

“Ашық есік күні”

“Ашық есік күні” форматында ауданымыздың жоғары сынып оқушыларына Абай ауданы әкімдігі ғимаратында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа мемлекеттік қызметтің маңызын түсіндіру, оның қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігін көрсету, сондай-ақ оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру болды.

Экскурсия барысында оқушылар әкімдік ғимаратының құрылымымен, бөлімдердің қызмет бағыттарымен және мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысымен танысты. Әр бөлімнің мамандары өз қызметтері туралы кеңінен ақпарат беріп, мемлекеттік басқару жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің басты құндылықтары – адалдық, жауапкершілік, ашықтық және халыққа қызмет ету қағидаттары ерекше атап өтілді.

Іс-шара аясында оқушыларға арналған тағылымдама (стажировка) да өткізілді. Тағылымдама барысында олар нақты жұмыс процесіне қатысып, құжаттармен жұмыс істеу, өтініштерді қарау, азаматтармен қарым-қатынас жасау сияқты негізгі дағдылармен танысты. Бұл тәжірибе оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына және мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметшілерден пайдалы кеңестер алды. Мұндай форматтағы іс-шаралар жас буынның кәсіби бағдарын айқындап, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.