Зейнетақы активтерін басқару – БЖЗҚ-ның кезекті қаржы журналистикасы мектебінің тақырыбы

Зейнетақы активтерін басқару –  БЖЗҚ-ның кезекті қаржы журналистикасы мектебінің тақырыбы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Зейнетақы активтерін басқару –

БЖЗҚ-ның кезекті қаржы журналистикасы мектебінің тақырыбы

 

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) жыл сайын БАҚ өкілдеріне арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелеріне арналған дәстүрлі Қаржы журналистикасы мектебін өткізеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы - зейнетақы активтерін басқару.

Биылғы іс-шара 13 наурызда Алматы қаласында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Онлайн  қатысу мүмкіндігі бар.

           Мектеп жұмысына БЖЗҚ сарапшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар қатысады. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Курс барысында ҚРҰБ және жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, инвестициялық портфельді әртараптандыру қағидаттары, қаржы нарығындағы үрдістер және зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынылады.

Инвестициялық портфельді басқарушылар инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийлері, қолданылатын қаржы құралдары туралы әңгімелейді.

Іс-шара аясында инвестициялық портфельді басқарушыларды таңдау бойынша жаңа цифрлық портал таныстырылады. Платформа ИПБ туралы негізгі ақпаратты бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді және кірістілікті, зейнетақы активтерінің құрылымын, инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін өзге де көрсеткіштерді қоса алғанда, инвестициялық қызмет туралы деректерді ашу үшін қолайлы жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. Жоба халықтың хабардарлығын арттыруға және зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін түсінуді қалыптастыруға бағытталған.

Қаржы журналистикасы мектебі дәстүрлі түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесі тақырыбындағы материалдардың сапасын арттыру және медиа-қоғамдастық өкілдерінің кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында өткізіледі.

 

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді өзі туралы ақпаратты көрсете отырып, press@enpf.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет:

Аты-жөні,

БАҚ атауы,

электрондық пошта және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара  туралы хабарлама жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі. Курс бағдарламасы қоса беріледі.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).