ҚР ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

ҚР ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

 2026 жылғы қаңтар айындағы жұмыс қорытындыларымен бөлісті. Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 110-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты.

Аталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану қылмыстарына тиесілі.

Қызметкерлердің нәтижелі жұмысының арқасында 89 адамның заңсыз әрекетінің жолы кесілді. 129 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 121-і сотқа жолданды.

«Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 18 млрд теңгені құрады. Оның ішінде бюджетке 100 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.