
Шара барысында аудан басшысы Мейіржан Серікбосынұлы 2025 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен жетістіктер бойынша туралы баяндап, көрермендерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Жиында 2025 жылғы жемісті еңбегі үшін «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі Л.Орынғожина мен Б.Абдилдинаға табысталды.
Облыс әкімінің Алғыс хаты Т.Бұлақбаевқа, ал Абай облысы әкімінің орынбасары С.Төленбергеновтің Алғыс хаттары Е.Санжар мен Е.Әбішевке берілді.
Абай ауданының әлеуметтік және экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан еңбек адамдары О.Әбішов, Б.Айтмырза, Д.Мұхтаров, Н.Берлешұлы, А.Нұғыманов, А.Төлеуханов Абай ауданының «Ел алғысы» төсбелгісімен марапатталды.
«Абай тойының мерекелік төсбелгісімен» С.Құспеков, Қ.Шитенов, Қ.Алтыбаев, О.Искакова, С.Абдилманова, М.Исайн, Г.Тайгулова, Қ.Сағынбай, Ж.Хайсина, Р.Башер, Б.Кәкітаев, Ү.Ермұқашева, Ә.Башаев марапатталды.
Ауданның дамуы жолында қажырлы еңбек етіп, өз саласында үздік деп танылған азаматтар «Жыл үздігі – 2025» аталымымен марапатталды.