Аудан орталығында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Аудан орталығында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Ауданның ауылшаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі мен ауылдық округ әкімдіктерінің ұйымдастыруымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке тұрақты түрде өткізілуде.

Жәрмеңкеде сиыр етін -3000 тг, қой еті -2800 тг, тауық жұмыртқасы -55 тг, Кебек жемі 25 кг -2200 теңгеден алуға мүмкіндік болды. Бородулиханың балы, сүт өнімдері, тауық еті және шұжық өнімдері саудаланды.

Жиыны 150 кг сиыр еті, қой еті -40 кг,
Қымыз 50 литр,
Сары май 25 кг,
Сүт өнімдері құрт, ірімшік, қатық 75 кг,
Тауық еті 213 кг,
Тауық жұмыртқасы 9000 дана,
Шұжық өнімдері 400 кг,
Бородулиха ауданының балы 150 кг,
Кебек жемі - 40тонна.
Және көкөніс өнімдері картоп, сәбіз, қырыққабат 2 тонна 600 кг.

Аудан халқының әлеуетін көтеру мақсатында өз өнімдерін арзан бағада ұсынған кәсіпкерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Атап айтқанда, бүгінгі жәрмеңкеге құнарлы кебек жемін төмен бағамен сатуға үлес қосқан жеке кәсіпкер “Ай-Ар” ЖШС жетекшісі Ербол Ғазизұлына, тауық жұмыртқасын ұсынған «SEMEI QUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марат Мауткановичқа, тауық етін ұсынған «ШЫҒЫС БРОЙЛЕР» ЖШС директоры Төлеужан Сағымбекұлына, көкөніс өнімдерін саудалауға көмек көрсеткен “Семей” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Мұхтар Әлімханұлына, Бородулиха балын ұсынған жеке кәсіпкер «Вышковская» жетекшісі Александр Михайловичке, шұжық өнімдерін саудалаған жеке кәсіпкер ИП “Полтавец” Ирина Николаевнаға алғыс білдіреміз.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал ететін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өз жалғасын табады