Инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Облыс басшысы Берік Уәлидің «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық жобасы аясында Абай ауданына инвестор тартылып, облыстық маңызы бар Қарауыл-Семей тас жолының бойында жалпы аумағы 2 500 қаршы метрдң құрайтын, құны 350 млн теңгеге жанар-жағармай бекеті өзі жұмысын бастады. Бекетте жаңа заманауи жабдықталған 6 колонкада бір мезгілде 12 көлікке бензин және дизель отынын құю мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жолаушыларға арналған шағын маркет қызметі де қарастырылған. Қазіргі таңда еліміз бойынша компанияның 43 сауда бекеті жұмыс істейді. Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Айта кетейік, ашылу салтанаты барысында алғашқы 20 көлікке 10 литр бензин сыйға берілді.