
📍Абай ауданында тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдан бастап аудан аумағында тұрғын үй құрылысы қолға алынып, осы уақыт аралығында мемлекет тарапынан барлығы 215 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов кеңінен барқатты.
- 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, аудан бойынша 8 тұрғын үй (16 пәтер) салу және 27 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту арқылы жалпы саны 43 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Алайда, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес, дайын тұрғын үйлер «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж және ресми есепте тұрған 609 азамат бар, - деді спикер.
📌Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар айында Қарауыл ауылында 1 қабатты, 2 пәтерлі 4 тұрғын үйдің (әр пәтердің жалпы ауданы – 85 м²) құрылысы аяқталып, «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған 7 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
- Бұдан бөлек, Қарауыл ауылындағы Мамай көшесінде орналасқан 27 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ Қасқабұлақ және Саржал ауылдарында 1 қабатты, 2 пәтерлі 4 тұрғын үйдің (әр пәтер – 85 м²) құрылысы толық аяқталды. Аталған тұрғын үйлерді «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беру жоспарлануда, - деп түйіндеді аудан әкімі.