
Аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
🔹Аптаның әр бейсенбі күні тұрақты өтетін қабылдауға бүгін 9 аудан тұрғыны мен жауапты сала мамандары қатысты. Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс мәселелері қозғалды. Тұрақты жұмыс бойынша келген азаматқа мамандығына сәйкес жұмыс қарастырылатыны айтылып, баспана мәселесіне қолданыстағы заңнама аясында ақпарат берілді. Тұрғындардың әрбір өтініші аясында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.