
Еріктілер акциясы аясында Абай ауданының әкімдігі тарапынан мұқтаж отбасыларға азық-түліктер таратылып, көмек көрсетілді. Көрсетілген көмек адамдарға үміт сыйлап, қиындықты жеңуге күш береді деп сенеміз. Бұндай игі істер қоғамда мейірімділік пен бірлікті нығайтады. Еріктілік жәй ғана әлеуметтік белсенділік емес, қоғамның игілігі үшін жасалған қызмет. Осындай акциялар алдағы уақытта да жағасын тапса дейміз.