
Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен екі күнге созылған байрақты бәсеке Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі болған Садырбай Ақылтай Қалиоллаұлы мен Медеу ауылдық округінің әкімі болған Жақсылықов Роллан Маратұлын еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты футзалдан аудандық турнирі өз мәресіне жетті.
Жарысқа барлық ауылдық округ пен мекемелердің қатысуымен, жиыны 20 команда өзара бақ сынасты.
Салтанатты ашылу рәсімінде марқұмдардың аудан үшін атқарған еңбектерін атап өтіп, турнир қатысушыларына сәттілік тіледім.
Сонымен қатар, Ақылтай Қалиоллаұлының жары Данар Аманбекқызына және Роллан Маратұлының анасы Тұрсынқайша Төлеуқазықызына ел атынан алғыс айтып, сый-құрмет көрсеттім.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
ІІ орын – Көкбай ауылының командасы;
ІІІ орын – Абай атындағы ММГИ командасы;
IV орын – Саржал ауылының командасы иеленіп, арнайы жүлделермен марапатталды.
Жеке номинациялар бойынша:
• Үздік шабуылшы – Арнұр Берікұлы;
• Үздік ойыншы – Өмірғалиев Құрмет;
• Үздік қорғаушы – Ермахан Жайлаубеков;
• Үздік қақпашы – Ерсұлтан Серікұлы;
• Ең жас ойыншы – Қабидоллаұлы Ердос;
• Ардагер ойыншы – Ақылғалиев Базар.
«Көрермен көзайымы» номинациясымен аудандық полиция бөлімі мен «Абай -Вет» ветеринариялық қызмет мекемесі марапатталды.
Жақсы ойын көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін С.Қадыров пен Б.Әбдешұлы Алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ белсенділік танытып, спорттық рух пен тартысты ойын өрнегін көрсеткен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы және ЖББ Қарауыл гимназиясының командалары марапатталды. Барлық аталым иегерлеріне демеушілер есебінен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Номинацияларға демеушілік көрсеткен А.Садырбайдың туыстарына, Р.Жақсылықовтың сыныптас, курстас достарына, марқұмдармен бірге еңбек еткен азаматтарға, ауылдық округ әкімдері мен маман қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.
Сондай-ақ турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушылар алқасына алғыс айтамыз.