
Аудан басшысы Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, әкімдік мүшелері, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында Архат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Р.Молдахановқа атқарған жауапты еңбегі үшін алғыс білдіріп, құрмет көрсетілді.
Күн тәртібінде 2025 жылғы рейтингтік көрсеткіштердің орындалуы, ауылдық округтерде «ҚР Әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы Кодексін» қолдану, сондай-ақ 2026 жылға арналған мерекелік және мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары қаралды.
Сонымен қатар, өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Отырыс соңында аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді