
Ауданның даму бағыттары аппараттық кеңесте талқыланды
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен 2026 жылдың алғашқы аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мейіржан Серікбосынұлы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының 2025 жылғы есептері мен 2026 жылға арналған жоспарларын тыңдады. Жиында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, бюджет атқарылуы және алдағы жылға қойылған негізгі міндеттер талқыланды.
2025 жылы бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бюджет қаражаты мақсатты әрі тиімді игеріліп, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында жоспарланған жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын сақтау шаралары мен ветеринариялық-профилактикалық жұмыстардың атқарылуы, аудандағы эпизоотиялық жағдай туралы мәселелері де қаралды.
Аудан әкімі 2026 жылға арналған жоспарларды нақты әрі нәтижеге бағытталған етіп орындауды, сондай-ақ жоспарға сәйкес жұмыстардың жүйелі, сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.