
Ұстазға тағзым
Бүгін Шәкерім атындағы орта мектепте 40 жылға жуық уақыт бойы шәкірттерге тәлім-тәрбие берген ерлі-зайыпты ардагер ұстаздар –
Жұманбаев Махмут Ғазезұлы мен Жұмақсанова Гауһар Манапқызының атына арналған география кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға қатысқан аудан басшысы Мейіржан Серікбосынұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласына сүбелі үлес қосқан ұстаздардың жарқын еңбек жолына тоқталды. Сонымен бірге кабинеттің ашылуына демеушілік жасаған ұрпақтарына, туыстарына және шәкірттеріне алғыс білдірді.
Ардагер ұстаздардың ұрпақтары кабинетті толық жаңғыртып, жаңа тыныс сыйлады. Сондай-ақ, Гауһар Манапқызының сынып жетекшілігін көрген түлектер де өз үлестерін қосып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Ұстаз еңбегіне көрсетілген құрмет – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл дәстүр. Бұл үрдіс алда да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.