Облыс басшысы Алтынбек Кәкітаевқа құрмет көрсетті

Облыс басшысы Алтынбек Кәкітаевқа құрмет көрсетті

Бүгін Семейде өңірдің үздік спортшылары мен спорт саласының қызметкерлерін марапаттауға арналған «Жыл үздігі – 2025» шарасы өтті.

Салтанатты жиынға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, жерлесіміз, Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегері Кәкітаев Алтынбек Серікұлына Алғыс хат пен 1 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

Аймақ басшысы жиында өңір спортының дамуы мен алдағы міндеттерге тоқталып, спортшылар мен сала қызметкерлерін құттықтады.

Алтынбек Серікұлын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.