Абай Салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өз мәресіне жетті

Абай Салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өз мәресіне жетті

Абай Салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өз мәресіне жетті

➡️Абай облысы әкімдігінің қолдауымен және Абай ауданының ұйымдастыруымен хакім Абайдың қыран салған «Өртең» тауының баурайында, Жер кіндігі – Жидебай мекеніндегі «TauKum» этноауыл кешенінде өткізілген турнир қорытындыланды.

🦅Турнирге халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда жеңісті орындар иеленіп, ұлттық дәстүрді насихаттап жүрген 9 облыс пен 3 қаладан келген құсбегілер қатысты. Олар 70-ке жуық бүркіт, 14 ителгі, 15 қаршыға және 20-дан аса құмай тазыны бәйгеге қосып, шеберліктерін көрсетті.

📍Қарағанды облысынан келген қатысушы Темірәлі Төлегенұлы жарыс барысы жөнінде өз пікірін білдірді.

– Біз бүгін өтіп жатқан “Абай Салбурыны – 2025” жарысына Қарағанды облысынан 5 бүркітші болып келдік. Жалпы жарыстың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Спортшыларға барлық жағдай жасалған. Ұлттық спортымыз дами берсін. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – деді ол.

⚡️Сонымен қатар, салтанатты шарада Абай облысының әкімі Берік Уәли Сурдодзюдодан тұңғыш әлем чемпионы, «Азия–Тынық мұхиты ойындарының» жеңімпазы, Токио қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, қола жүлдеге қол жеткізген жерлесіміз Алтынбек Кәкітаевқа автокөлік кілті және жеке бапкері Мақсат Кәкеновке 1 млн теңге көлемінде сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.

➡️Республикалық деңгейде өткізілген шараның марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Каримов, сайыс демеушілері «TauKum» этноауыл кешенінің басшысы Бектас Шыңғысұлы, «Gaz - Мұнай» ЖШС директоры Серік Амангелдіұлы қатысты.

🔸Ұлттық додада құсбегілік өнерінің сайыстары бойынша үздік қатысушылар анықталды.