Абай ауданы әкімінің орынбасары болып Аққожина Назерке Мәулітқызы тағайындалды

Абай ауданы әкімінің орынбасары болып Аққожина Назерке Мәулітқызы тағайындалды

Назерке Мәулітқызы 1982 жылғы 15 наурыз күні Ақсуат ауданы Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік универститетін «Құқық және экономика» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін (Әлихан Бөкейхан университеті) «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы №34 мектеп- лицейінде экономика және құқық пәні мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі бас маманы, құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Абай облысы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерінде болды.

Бұл тағайындауға дейін Абай облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.