Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті
Мерекелік шараға ауданның құрметті қонақтары, еңбек ардагерлері, тұрғындар мен түрлі сала қызметкерлері қатысты. Ең алдымен, мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік марапаттарды табыстады.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің «Құрмет грамотасы», Абай облысының білім басқармасы басшысының «Құрмет грамотасы», «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің «Өз ісінің маманы» медалі, Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІ, ІІІ дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төсбелгісі, Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы «ОӘТ Варшава келісімен орталық әскер тобының ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан патриоты» медалі мен «AMANAT» партиясының Құрмет грамотасы табысталды.

Аудан дамуына үлес қосқан аудан азаматтарының еңбегі еленіп, бірқатар азаматтар Абай ауданының «Ел алғысы» төсбелгісімен марапатталды.

Ұлық мереке қарсаңында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ауданның бірқатар еңбек адамдары мерекелік төсбелгісімен, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиын соңында көрермендерге «Қаламқас» халық ән-би ансамблі мен Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды